Мэн штатының Жоғарғы соты Трамптың апелляциялық шағымына қатысты тиісті тәсілді қолданды

Сот төрешісі АҚШ-тың Жоғарғы Сотында осындай сот ісін қарағанға дейін шешім шығаруды кейінге қалдырды. 

Мэн штатының Жоғарғы соты Трамптың апелляциялық шағымына қатысты тиісті тәсілді қолданды Фото: pixabay.com

Бұған дейін, Мэн және Колорадо штаттарында Дональд Трамп бастапқы сайлау бюллетенінен шығарылған болатын. Жергілікті шенеуніктер АҚШ Конституциясына енгізілген түзетудің 14-тармағына сүйеніп, билікке қарсы көтеріліске қатысушылардың мемлекеттік қызметке сайлануға құқығы жоқ екенін алға тартты. Бұл туралы inbusiness.kz сайты BBC телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

17 қаңтар күні Мэн штатының Жоғарғы сот төрешісі Михаэла Мерфи 17 беттік құжатта Мемлекеттік хатшы Шелла Беллоустың Трампты алдын ала дауыс беруден шеттету туралы шешімі осы уақытқа дейін күшінде қалуы керек деп жазды. Дегенмен, әзірге федералды деңгейде штаттың рөлі туралы ешқандай түсініктеме жоқ.

Айта кетейік, Мэн штатындағы алғашқы сайлау 5 наурызда өтеді және ол "супер сейсенбі" деп аталады. Бұл күні шамамен 16 штат пен аумақ дауыс беретін болады.

Сонымен қатар, АҚШ Жоғарғы Сотының сот төрешілері 8 ақпанда Трамптың Колорадодағы осындай іс бойынша апелляциялық шағымын қарауды бастауы қажет. Онда жергілікті Жоғарғы сот экс-президенттің АҚШ көшбасшылығына үміткерлер арасында орны жоқ деп санады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу