"Мен той қаламап едім": Ерке Есмахан тойының қашан болатынын айтты

3494

Танымал әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде оқырмандардың сұрақтарына жауап берді. Ол үйлену тойды қашанға жоспарлағанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz. Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

"Мен той қаламап едім": Ерке Есмахан тойының қашан болатынын айтты

Қаңтар айында некелескен жұлдызды жұптың өмірі көпшілікке қызық. Әншінің оқырмандары тойдың қашан болатынын сұрады.

“Бұйырса жазда. Мен той қаламаған едім. Күйеуім үлкен той жасаймын деп қоймай отыр. Мен келістім”, – деп жауап берді Ерке Есмахан.

Өнер иесінің тұрақты оқырмандары оның әлеуметтік желіге сирек шығатынын байқады.

“Неге келіндік өміріңізді көрсетпейсіз?” деген сауалға әнші: “Әлі толықтай келін емеспін. Алда сырға салу, құда түсу, құдалық, беташар бар. Сосын супер келіншек боламын”, – деп жауап берді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу