"Мен үш рет босандым": Баян Мақсатқызы сырымен бөлісті

5938

"Оңай емес, өлген баланы он күн бойы ішімде көтеріп жүрдім".

"Мен үш рет босандым": Баян Мақсатқызы сырымен бөлісті Фото: Бейнежазбадан

Он күн бойы өлген баланы ішімде көтеріп жүрдім. Бұл туралы продюсер Баян Мақсатқызы Мамский әңгіме жобасында айтты, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Сұхбат барысында Баян Мақсатқызы қыздарына жүктілігі қалай өткені жайлы баяндап, босануға ай-күні жақындаған алғашқы баласынан қалай айырылып қалғанын айтып, сырымен бөлісті.

"Айсәуле қызымның алдында менде түсік болды. Айсәуле екінші рет көтерген балам. Мен үш рет босандым. Баламнан 36-шы аптада айырылып қалдым. Өте ауыр болды. Бұл менің алғашқы күйзелісім еді. Ол кезде жиырма жаста болдым. Физикалық тұрғыдан өте ауыр болды, өлген баланы босану үшін он күндей жүрдім",- деді ол.

Сонымен қатар ол ішіндегі өлі баланы босану үшін қаладағы ешбір перзентхана қабылдамағанын айтты. Олар тіптен ата-анасынан қолхат алып, "егер бірдеңе бола қалса ешқандай шағым түсірмейміз", деп жаздырып алған.

"29 жыл бұрын медицина дамымаған, күрделі кезең болды ғой. Кесір тілігін жасауға болмайды, өйткені инфекция түсуі мүмкін. Жатырдан бастап ешқайсысы босануға дайын емес. Осылайша он күн бойы дәрі салып, маған ауыртпалық жасады. Кейін санап шықтым, сол кезде жамбасыма күніне қырыққа жуық екпе салған екен. Оңай емес, өлген баланы он күн бойы ішімде көтеріп жүрдім, сол үшін инфекция тарамасын деп екпе сала берді. Дегенмен, он күннен кейін босандым. Осыдан кейін менде күйзеліс пайда болды", - деді Баян Мақсатқызы.

Сондай-ақ ол босанып болған соң үш айдан кейін қайта жүкті болғанын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу