"Мен үшін ең маңызды күн!": Руслан Өтепбай ел естімеген қуанышты жаңалығын жария қылды

1711

Отандық танымал бағдарламаның жүргізушісі Руслан Өтепбай қарындасының ұзатылып жатқанын жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Мен үшін ең маңызды күн!": Руслан Өтепбай ел естімеген қуанышты жаңалығын жария қылды Фото: Бейнежазбадан

"Мен үшін ең маңызды күн! Құдалар қарындасыма сырға салу үшін келді", – деп жазды ол.

Ол қарындасына әсерлі ән арнап, ағалық батасын беріп, ақ тілегін айтты.

"Айналайын, қарындасым. Асқар тау әкең қанаттыға қақтырмады. Аяулы анаң тұмсықтыға шоқтырмады. Ал мен саған қандай аға болғанымды білмеймін. Бірақ сен мен үшін ең қымбат, керемет, қызғалдақ, қырмызы қарындас бола білдің. Ал енді Абзалға адал жар, барған әулетіңе келісті келін, болашақ ұл-қыздарыңа аяулы ана бола біл. Мен саған ағалық батамды бердім", – деді Руслан Есмағамбетов.

Еске сала кетейік, Руслан Өтепбай Түркістан облысында 17 жыл бойы құлдықта болған апалы-сіңлілі Назгүл бен Құндызға еркіндік сыйлаған болатын.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу