"Мен тек Бишімбаевтың айтқанын істедім": Байжанов өзін ақтауды сұрады

398

Ол адвокаттарының ұстанымын қолдап, алқабилерге қате сұрақтар қойылғанын атап өтті.

"Мен тек Бишімбаевтың айтқанын істедім": Байжанов өзін ақтауды сұрады Фото: Жоғарғы сот

4 жылға сотталған Бақытжан Байжанов бүгінгі аппеляициялық сот отырысында бірінші инстанция үкімінің күшін жоюды сұрады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Тергеушіге өзім хабарлаған нәрсені әрекеттерім дәлелденді ме, жоқ па деп алқабилерге сұрақ қойды. Осы кезде мен сотталатынымды түсіндім. Мен Салтанаттың мерт болғанын қайдан білейін? Мен Нүкенованы бір рет қана таңертен көрдім. Ол кезде ол тірі болды. Енді түнімен ұйықтамай, ішімдік ішкесін ұйықтап жатыр деп ойладым”, – деді Байжанов.

Байжанов бастығы Қуандық Бишімбаевтың айтқанын орындап қана жүргенін айтты.

"Бишімбаевтың бейнежазбаны жоюды сұраған хабарламасы телефонымда әлі бар. Бұл қылмыс екенін білсем, неге ол әлі күнге дейін бар? Мен жай ғана Бишімбаевтың өтінішін орындадым, не болғанын ұқпадым. Мен заңсыз сотталдым. Әділдік орнауы үшін қолыңыздан келгеннің бәрін жасауыңызды сұраймын, мен қылмыс жасаған жоқпын, менің кінәм дәлелденген жоқ және істі жаңадан сот талқылауына жіберіңіз", — деді Байжанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу