"Менде бір шаршы метр де жер жоқ" - Даниал Ахметов

508

Экс-депутат Берік Дүйсенбинов мәжіліс отырысында мыңдаған гектар жері бар шенеуніктердің атын атап, түсін түстеуді сұраған еді. 

"Менде бір шаршы метр де жер жоқ" - Даниал Ахметов

Бұл – жала! Шығыс Қазақстан облысының әкімі "Өскеменнің айналасындағы жердің бәрі Ахметовтікі" деген экс-депутаттың мәлімдемесіне байланысты осылай жауап берді. 

"Ол жала сөз. Бірде-бір квадратный метр жер де жоқ. Сол себептен мен ол кісіге бірде сөз айта алмаймын. Неге десеңіз оның енді депутат статусы бар. Бірақ та өте мәдениетсіз оның сөзі", - деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов.

Депутаттың "мәдениетсіз" мәлімдемесі

Әкім "мәдениетсіз" деп бағалаған мәлімдемені осыдан 4 ай бұрын Берік Дүйсенбинов жасаған. Қазіргі парламенттегі ақжолдықтардың тізіміне кірмей қалған экс-депутат мәжіліс отырысында мыңдаған гектар жері бар шенеуніктердің атын атап, түсін түстеуді сұраған еді. 

"Қай облысқа бармасаңыз, жолдың оң жағы да, сол жағы да әкімнің жері. Қайтып жатқан жер жоқ. Мал ұстап, егін егіп отырған кісілер жерге зәру болып отыр. Жердің иелерін тақтаға жазып қоюға кім кедергі? Өскеменге барсаңыз жердің бәрі Даниал Ахметовтікі, Павлодарға барсаңыз Бақауовтікі, Астананың маңы Шөкеевтікі. Оны айтуға қорқып отыр бәрі", - деген болатын ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Берік Дүйсенбинов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу