"Менде қорқыныш жоқ": Ұлымен қоса үйінен айрылған Қаржаубай Нұрымов үндеу жасады

39278

Бүгін марқұм Шерзаттың үйі өртенген еді.

"Менде қорқыныш жоқ": Ұлымен қоса үйінен айрылған Қаржаубай Нұрымов үндеу жасады Фото: Бейнежазбадан

Ұлынан айрылып, қара шаңырағы өртенген Шерзаттың әкесі шұғыл мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Ол барлығы заң аясында шешім табатынына сенім білдірді

"Құрметті қазақ елі! Мен ешқандай да қантөгіс болмаса екен деймін. Кеше түннен бері құзырлы органдар осында жүр. Қылмыскерлер заң алдында жауап береді деген ойдамын. Қан төгіп, біреудің обалына қалмайық. Барлығы заң аясында шешіледі деген үміттемін. Қай кезде болмасын Әділетті Қазақстан болатынына сенемін. Менде қорқыныш жоқ. Даладан келген жау жоқ. Бір-бірімізге оқ атпайық", – дейді Қаржаубай Нұрымов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу