"Мені Антикор алып кетсе ше?": Алматы тұрғыны Досаевқа ерекше сыйлық жасады

1097

Қала тұрғыны Досаевқа бірқатар мәселенің шешімін тапқаны үшін алғыс білдірді.

"Мені Антикор алып кетсе ше?": Алматы тұрғыны Досаевқа ерекше сыйлық жасады Фото: видеодан алынған кадр

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесуінде қала тұрғыны әкімге ерекше сыйлық жасады, деп хабаралайды inbusiness.kz сайты.

Қала тұрғыны Досаевқа бірқатар мәселенің шешімін тапқаны үшін алғыс білдірді.

"Электр есептегіштері 141-ден 115 мыңға дейін төмендегені үшін, үш фазалы есептегішті бір фазалыға ауыстырғанығыз  үшін алғысымды білдіремін. Осылайша тек қыркүйек айында 90 млн теңгеден астам қаражат үнемделді. Автобус жолағын жасаттыңыз. Осы бойынша да хабарласқанмын. Рахмет. Ақжар және Шұғыл ықшамаудандарының тұрғындары атынан таза көшелер үшін де, рахмет. Енді орталық су құбыры мен кәріз жүйесі де тартылады. Әрбір мәселеге қызығушылық танытасыз", - деді қала тұрғыны.

Ол Ерболат Досаевқа қаладағы шешілген мәселелерінің иллюстрациясы арқылы әкімнің бейнесі салынған суретті сыйлады. Әкім сыйлықты әзілмен қабылдап, алғысын білдірді.

"Сыйлық па? Маған ба? Мені Антикор алып кетсе ше? Сыйлыққа рахмет, мен оны әйеліме беремін", - деп күлді Досаев.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу