"Мені енді тоқтата алмайсың!": Әнші Қарлығаш Сұлтанша Ернар Айдарды өтірікші деп айыптады

2068

Ернар Айдар "Қазақстан" арнасындағы "1001 түн" бағдарламасына сұхбат бере отырып, өзін сахнаға жетелеп шығарған алғашқы адамы деп ағасы Талғат Айдарды атап көрсетті. 

"Мені енді тоқтата алмайсың!": Әнші Қарлығаш Сұлтанша Ернар Айдарды өтірікші деп айыптады Фото: Коллаж: inbusiness.kz

Қарлығаш Сұлтанша әнші Ернар Айдарды өтірікші деп айыптады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оның айтуынша, Ернар Айдар алғашқы ұстазы, сазгер Қуаныш Құрманбаевтың еңбегін жоққа шығарған

"Мені сахнаға жетелеп алып шыққан әуелі Алла, сосын осы Талғат ағам. Ағаммен жұмыс істеген кезде тоқтамай ән жаздық. Кейін ол кісі өзінің жеке кәсібімен кетті де, "Ары қарай өзің жұмыс істеп көр. Бәрін біліп, үйреніп алдың" деп мені бөлек жіберді. Содан кейін кішкене саябырсып қалдық. Қасымдағы жігіттер де "Ән жазбай қойдың ғой" деп айтты. Кейін ағаммен қайта бірлесе жұмыс бастап, "Шүкір" әнін жазып шықтық", – деді ол. 

Әншінің бұл сөзіне Қуаныш Құрманбаевтың жары Қарлығаш Сұлтанша ренішін білдірді. 

"Мен негізі әділетсіздікке шыдай алмаймын. Осы уақытқа дейін үндемей келдім. Бірақ бұлай ұстазыңның еңбегін жеме, Ернар! Продюсерім деп жүрген ағаң қасыңнан неге кетті?! Оны мен білемін. Осыншама өтірік айтудан шаршамадың ба? Енді мені тоқтата алмайсың", – деп жазды Қарлығаш әнші. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу