Мені Қонаевта зорлаған адамға Жанқош Тұраровтың қатысы бар болуы мүмкін – Әнару Қалдыбек

19145

Оны көлік рөлінде отырған жігіт зорлаған. 

Мені Қонаевта зорлаған адамға Жанқош Тұраровтың қатысы бар болуы мүмкін – Әнару Қалдыбек Фото: коллаж el.kz

Танымал боксшы Жанқош Тұраров мені зорлады деп арыз жазған Әнару Құрманалиева тағы бір шындықтың бетін ашпақ. Ол 2024 жылдың 4 шілдесінде Қонаев қаласындағы такси жүргізушілерінің бірі зорлағанын растады. Жәбірленуші бұған да боксшы Жанқош Тұраровтың қатысы бар болуы мүмкін деп санайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Ол 4 шілде күні полицияға арыз түсірген.

"Ол жағдай сол күні болған. Осы жағдайдың бәріне Жанқоштың қатысы бар деп ойлаймын. Себебі ол менің артымнан қалмайтын, Ақтауға кетсе де, жетіп келеді, Грузияға кетсем де соңымнан қалмады.  Жанқоштың қатысы бар сияқты. Қонаевтан үйге қайтып бара жатқанмын. Қонаев қаласында құрбыммен кездесіп, мейрамханадан тамақ іштік. Сол күні бір стақан коктейль ғана іштім. Есімнен танған жоқпын, масайған жоқпын. Жай ғана үйіме кетіп бара жатқан адам едім. Телефоным өшіп қалғандықтан, көлікті жолдың бойынан тоқтаттым. Құрбым "қайда барасың, қал" деген, мен үйге барғым келіп тұр деп кетіп қалдым", - дейді қыз.

Оның айтуынша, көлік рөлінде отырған жігіт зорлап тастаған.

"Бұл жағдай туралы мен қазір ақпарат бергім келмейді, эмоционалды түрде қатты шаршап тұрмын, эмоционалды жай-күйім өте қиын. Бұл Жанқоштың оқиғасына қатысы жоқ оқиға ғой, бірақ мен Жанқоштың адамдары ма деген күдігім бар. Сондай ой бар", - дейді жәбірленуші.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу