"Мені өзіңмен алып кет" көрмесі тағы да өтеді

1201

Өткен жәрмеңке нәтижесі бойынша 60 қараусыз қалған ит пен мысық жаңа иесін тапқан.

"Мені өзіңмен алып кет" көрмесі тағы да өтеді

Үстіміздегі жылдың 10 тамызында "Астана" концерт залы аймағында иесіз қалған иттер мен мысықтардың "Мені өзіңмен алып кет" атты көрме-жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Көрме-жәрмеңке мақсаты – шарадағы ит пен мысықтарға сенімді қожайын тауып, азаматтардың иесіз қалған жанаурлар мәселелесіне назарын аударту.

Аталған жәрмеңке осымен 2 рет ұйымдастырылып отыр, өткен жәрмеңке нәтижесі бойынша 60 қараусыз қалған ит пен мысық жаңа иесін тапқан.

Айта кету керек, қаңғыбас және қараусыз жануарларға арналған уақытша баспана 2017 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Қаладағы жануарларға арналған ең үлкен уақытша баспана осы. Бұл жерді 700 ге жуық ит, 60 тан астам мысық пана еткен. Аталған жануарлардың барлығы карантин, вакцинациялаудан өтіп, бүгінде мал дәрігері маманының бақылауында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу