"Мені такси жүргізушісі пышақтап кетті"

604

Алматылық желіде осындай жазба жариялады. 

"Мені такси жүргізушісі пышақтап кетті"

Жәбірленушінің сөзінше оқиға үш апта бұрын болған, такси жүргізушісі белгіленген мекен-жайға жеткізуден бас тартқан. Бұған келіспеген жолаушыға жүргізуші пышақ ала жүгірген. 

"Қазір менің жағдайым онша емес, не істеу керегін білмеймін. Бірақ халыққа қауіпті адамның түрін көрсеткім келеді. Алайда оны әлі неге іздестірмей жатқанын түсінбеймін", – деп жазылған жазбада. 

Кейін осы оқиғаға қатысты Алматы қаласы полиция департаменті түсінік берді. 

"Аталған дерекке байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы бойынша іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Солардың нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабылданады", – деп жазылған хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу