Мені танитындар кешірім сұрауы керек сияқты – Айдос Сарым

2959

Мәжілісте "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды. 

Мені танитындар кешірім сұрауы керек сияқты – Айдос Сарым

Заң жобасында балаларға қатысты кез келген зорлық-зомбылық көріністерінен, оның ішінде оларды отбасылық қатынастар, білім беру және ақпараттық кеңестік салаларында қорғау тетіктерін іске асыруға бағдарланған нормалар көзделген.

"Алдында жұрт дүрліккендей мәселе интернетті бұғаттауда тұрған жоқ, ешқандай саяси... басқа мүдде көзделіп жатқан жоқ. "Халық жауы" да атандық. Бірақ түпкілікті мақсат, идеямызға жеттік. Әлемдік ең ірі платформалар "Қазақстан үкіметімен бірлесіп жұмыс істеуге әзірміз", "тиісті өкілдерімізді тағайындаймыз, сол арқылы болып жатқан кикілжіңдерді шешуге дайынбыз" деген мәлімдеме жасаған. Енді "Айдос Сарым фейсбукті бұғаттамақ деп айтқан" азаматтар, кем дегенде мені танитындар кешірім сұрауы керек сияқты", – дейді Айдос Сарым журналистерге.

Айта кетейік, заң жобасына бастамашылық еткен депутаттар Айдос Сарым мен Динара Закиева былтыр сынға ұшыраған. Құқық қорғаушылар мен тәуелсіз журналистер "Қазақстандықтардың сөз бостандығы мен құқығын шектеуге кезекті талпыныс жасалды" деп бағалаған.

Тасқын Болатұлы

Фото: azattyq-ruhy.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу