Желіде әнші Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас Еспанов қыздарға интим хат жазғаны үшін Сүлеймен Демирел университетінен жұмыстан шыққаны туралы ақпарат тараған болатын. Әншінің ұлы осыған қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Көп жаңалықтарда SDU мекемесін белгілеп жазып жатыр екен. Бірақ мен осы ақпарат Tik-tok желісінде тараған бетте өзім барып, жұмыстан шығуға арыз жазып кеткенмін. Бұл менің жеке өзіме қатысты жағдай, сондықтан сол үшін бұрынғы жұмысымды белгілеудің қажеті жоқ. Университетті араластырмаңыздар", - дейді Олжас Еспанов.
Сондай-ақ, ол өзінің абыройын қорғау мақсатында Ішкі істер басқармасына арыз жазатынын мәлімдеді.
"Бәріңіз жазып болдыңыздар ма? Енді менің кезегім. Қызық енді басталады. Tik-tok-та Александра өмірде Айсұлу болатын жандар, ақпараттық порталдар бәрін заң алдында жауап бересіңдер. Маған жала жабуды көрсетемін. Менімен ойнапсыңдар", - дейді әншінің ұлы.