"Менің әндерім рух берді": Төреғали Төреәлі Елдос Сметовке қалай қолдау білдіргенін айтты

357

Оның айтуынша, Олимпиада чемпионы Сметов Төреғалидің әндерін тыңдап, жаттығу жасайтын көрінеді.

"Менің әндерім рух берді": Төреғали Төреәлі Елдос Сметовке қалай қолдау білдіргенін айтты Фото: коллаж: inbusiness.kz

Әнші Төреғали Төреәлі Париж Олимпиадасының алтын жүлдегері Елдос Сметовтің жеңісінде өзінің де үлесі барын меңзеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

“Таразға жолда келе жатып, толғанып келдім. Халқы үшін өз өмірін, жылдарын сарп еткен нағыз азамат. Әлемді мойындатқан палуанымыздың қуанышы күллі қазақ бірлігінің көрсеткіші. Неге десеңіз "Жаяудың шаңы, жалғыздың үні шықпайды" дейін. Қаншама халықтың қолдауы үлкен рөл атқарады. Енді мен де сол қазағымның қуанышына ат басын бұрып келдім. Бір қызығы, досым менің әндерімді тыңдап, жаттығу жасайтын көрінеді. Бәлкім, менің әндерім рух берген шығар", – деп жазды Төреғали. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу