"Дәрігерлер өкпенің созылмалы обструктивті ауруы – ХОБЛ-дың 4-дәрежесі диагнозын қойған. Мамандар жарты жылдай ғана өмір сүру мүмкіндігі бар екенін айтып отыр", – деп жазды ол.
Актердің жағдайына бей-жай қарай алмаған жұртшылық қаржылай көмек көрсетуді қолға алған.
Отбасының жағдайы да күрделі: актердің жұбайы жақында ғана операциядан шыққан, ал ұлы аутизммен ауырады.
Айта кетейік, 1967 жылы туған Нұрлан Сегізбаевты көрермен "Менің атым Қожа" фильміндегі Қожаның рөлі арқылы жақсы таниды. Бұл рөл актерге бала кезінен-ақ танымалдық әкеліп, ел есінде сақталды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу