"Менің қазақы тәрбием": Байжанов Бишімбаевтың Нүкеноваға қол көтергенін біле тұра, араласпаған

754

Ол Бишімбаев Салтанатқа бұрыннан қол көтеретінін айтты.

"Менің қазақы тәрбием": Байжанов Бишімбаевтың Нүкеноваға қол көтергенін біле тұра, араласпаған Фото: видео скриншот

Әйелі Нүкенованы өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасуда. Сотта Бишімбаевтың қылмысын жасырды деп айыпталған Бақытжан Байжановтан жауап алынуда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Екінші сотталушы Байжанов Бишімбаевтың Салтанат Нүкеноваға қол көтергенін біле тұра, неге араласпағанын түсіндірді.

 "Салтанаттың ісіп кеткен көздері мен қызарған жерлері туралы Бишімбаевтан сұрамадым. Араларында жанжал болды деп түсіндім. Олардың үнемі жанжалдасатынын және Бишімбаевтың Салтанатқа қол көтеретінін бұрыннан білетінмін. Бұған үйреніп қалғаным соншалық, таң қалған жоқпын", - деді Байжанов.

Ол "жағдайға араласа алмағанын, бірақ Салтанатты аяғанын" айтты.

"Менің қазақы менталитетім, қазақы тәрбием, қарапайым мінезім өзімнен үлкен Бишімбаевқа ақыл айтуға немесе олардың отбасылық өміріне, қатынастарына араласуға мүмкіндік бермеді", - деді Байжанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу