"Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа": Назарбаевтың кітабы жарық көрді

843

Бұл туралы Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлім етті.

"Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа": Назарбаевтың кітабы жарық көрді Фото: twitter.com/Aidos Ukibay

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің өмірі жайлы кітап жазды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

"Бүгін Нұрсұлтан Назарбаевтың "Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа" атты кітабы жарыққа шықты", - деп жазды Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, кейбір БАҚ өкілдерінің мәліметінше, Нұрсұлтан Назарбаев өз өмірі туралы жазған кітабында екінші әйелі мен екі ұлы туралы айтқан.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу