"Менің орныма ауысып кеткен": Анасын іздеген Жәнібек қазақстандықтардан көмек сұрады

3998

Савельев анасын кездестіруге әлі де үмітті екенін айтты.

"Менің орныма ауысып кеткен": Анасын іздеген Жәнібек қазақстандықтардан көмек сұрады Фото: Бейнежазбадан

Бельгиялық қазақ Жәнібек Савельев туған шешесін іздегелі де біраз уақыт болды. Өкінішке қарай анасы анасы әлі табылмады. Жәнібек барша қазақстандықтардан көмек сұрап, жан тебірентерлік видео жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Жәнібек Савельев алдымен өзінің туған анасын іздеуге ат салысқандарға алғысын айтты.

"Құрметті әкелер, аналар, аға-әпкелер! Мен 2023 жылдың соңында Қазақстанға туған анамды іздеп бардым. Соңғы айларда біз анамды табуға көмектесетін көптеген мәліметке қол жеткіздік. Мысалы, "Бармысың, бауырым?" редакциясы ДНҚ зерттеулері арқылы мен туған кезде басқа баламен ауысып кетуім мүмкін екенін анықтады", – деп жазды ол. 

Савельев анасын кездестіруге әлі де үмітті екенін айтты.

"Менің туған шешем менің оның туған ұлы екенімді білмейтін шығар, менің оқиғамды естімей жүрген шығар... мүмкін оның 2002 жылдың қаңтарында дүниеге келген баласы мен шығармын. Ол қазір менің орныма ауысып кеткен баланы туған ұлым деп ойлап жүруі де мүмкін  ғой", – дейді Савельев. 

Ол өгей анасы дертке шалдыққанын айтты.

"Анашым, сен маған керексің. Мені асырап алған анам қатты ауырып жатыр. Ес білгелі сіз туралы ойламаған сәтім жоқ. Құрметті қазақстандық әкелер, аналар, бауырлар! Өтінемін, осы видеоны барынша таратыңыздаршы.  Өтінішім туған анама немесе туыстарыма жетеді деп үміттенемін", – деп жазды ол. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу