Менингит жұқтырған Қызылорда тұрғыны ауруханаға жатқызылды

1210

Менингит жұқтырған Қызылорда тұрғыны ауруханаға жатқызылды

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында менингококк инфекцияның алғашқы белгілері байқалған 27 жасар тұрғыны аудандық ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Atameken Business.

Осыған байланысты облыстық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан штаб құрылып, жұқпалы аурулар ауруханасының мамандары Жаңақорған ауданына барды.

Дәрігерлердің айтуы бойынша науқастың жағдайы ауыр. Қазіргі таңда құрылған штаб қызметі эпидемияға қарсы науқаспен қарым-қатынаста болғандарды анықтап жатыр.

Сыр өңірінде менингококк инфекциясын жұқтыру жағдайы биылдыққа алғаш рет тіркеліп отыр.

"Жағдайы ауыр, тұрақты болып бағаланып отыр. Кешегі күні жағдайының ауырлауының алдын алу мақсатында жасанды демалдыру аппаратына қосылған болатын. Бірақ жағдайының тұрақтануына байланысты қазір өзі демалып жатыр. Жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланып отыр. Барлық қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген және жұқпалы аурулар ауруханасының инфекционист дәрігері мен Жаңақорған аудандық ауруханасының реаниматолог дәрігерлері қатаң бақылауға алған. Жұмыс орнынан 11 азамат және отбасынан 4 азамат қарым-қатынаста болған. Олар бақылауға алынды. Қазіргі таңда отбасының бір мүшесі алдын-алу шараларын ұйымдастыру үшін бақылауға жатқызылды", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жақсылық Абдусаметов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу