Менингитке шалдықты деген күдікпен 10 айлық нәресте ауруханаға түсті

860

Менингитке шалдықты деген күдікпен 10 айлық нәресте ауруханаға түсті

Ақмола облысында менингококк жұқпасына шалдықты деген күдікпен 10 айлық нәресте ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақмола облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бұл облыста менингококк жұқпасының балалар арасында тіркелген алғашқы жағдай. Сондықтан, абыржуға еш негіз жоқ. Қазіргі кезде, науқас бүлдіршін Ақмола облысының балалар аурханасына жатқызылып, ем қабылдауда. Сәби Біржан сал ауданынан жеткізілді. Қазіргі кезде, жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр", - деп түсіндірді департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Бүлдіршіннің анасы дәрігерлердің көмегіне кеш жүгінген. Мамырдың 26-сынан бастап ауырған бала тек мамырдың 31-і күні  түнгі сағат 00:30 аурханаға жеткізілді. Қазіргі кезде, зертханалық сараптама тағайындалды. Сонымен қатар, баланың анасы мен мектепте оқитын ағасы да дәрігерлердің бақылауына алынып, медициналық тексерістен өтуде.  

Еске сала кетейік, жыл басынан бері облыс бойынша ересектер арасында 1 менингококк жұқпасы тіркелген болатын. Анықталған жағдайлар бойынша ошақтарда эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шаралар жүргізілді. Сондай-ақ онымен қарым - қатынаста болғандар саны анықталып, барлығы медициналық тексерістен өткізілді. Олардың арасында менингококк бактерияларын тасымалдаушылар анықталмады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу