Менингиттен көз жұмғандардың туыстарына өтемақы берілмейді - министр

896

Менингиттен көз жұмғандардың туыстарына өтемақы берілмейді - министр

Денсаулық сақтау министрлігі ұлттық бірыңғай тест өтетін орындарыда профилактикалық шара өткізбек, деп хабарлайды Atameken TV.

Бас санитар Жандарбек Бекшиннің айтуынша, бұл менингококк инфекциясының таралуына байланысты жүргізіледі.

Елімізде маусымның 20-сы мен 30-ы аралығында 147 мекемеде тест науқаны өтеді. Сол аралықта әрбір түлектерді арнайы медицина мамандары бақылайтын болады. Барлық орындарға дәрі-дәрімектер жеткізіледі. Тест ұйымдастырушыларына сынақ басталмас бұрын дезинфекциялық заттармен тазалық жұмысын жүргізуге кеңес берілді. Себебі, тест бір жерде 4 сағатқа дейін жалғасады деді бас санитар.

Бұдан бөлек, денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов менингит жұқпасынан көз жұмғандардың туыстарына ешқандай өтемақы берілмейтіндігін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу