banner

#МеніңTeamKZ байқауының нәтижесі белгілі болды

859

Ұлттық Олимпиадалық комитеті мен Kundelik.kz сайтының "#МеніңTeamKZ" атты бірлескен эмблема байқауы мәресіне жетті, деп хабарлайды Olympic.kz.  

#МеніңTeamKZ байқауының нәтижесі белгілі болды

Естеріңізге сала кетсек, байқау шарты бойынша оқушылар еліміздің Олимпиадалық командасының эмблемасын салып, өз нұсқаларын ұсынуы тиіс болатын.

Байқау жеңімпазы планшетке ие болады. Сонымен қатар, жүлдегерлер мен әділ қазылар тарапынан көзге түскен қатысушыларға #TeamKZ  өкілдерінен естелік және арнайы сыйлықтар да табысталады.

Аталған байқау 2020 жылдың қараша айында Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті мен kundelik.kz сайтының бірлескен "Олимпиадалық сабақ" жобасының аясында ұйымдастырылды.

1 орын – Интисара Дүйсеналиева;

2 орын – Біржан Қалиев;

3 орын – Александра Гиззатуллина.

 Естелік сыйлықтарға ие болған оқушылар тізімімен мына жерден таныса аласыздар.

Айта кетерлігі, "Олимпиадалық сабақ" жобасына еліміздің үздік спортшылары қатысты. Дене шынықтыру бойынша оқушыларға арналған бейне сабақтар тәжірибелі мұғалімдермен бірге балалардың жас және жыныстық ерекшеліктерін ескере отырып жасалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу