Меншік құқығын қорғау рейтингінде еліміз 75-орында тұр

549

Меншік құқығын қорғау деңгейі бойынша рейтингте Қазақстан 129 елдің ішінде 75-орынға тұрақтады. Былтыр 71-орында болған. Еліміздің индексі – 4,629. Айта кету керек, бұл индекс неғұрлым жоғары болса, елде меншік құқығы соғұрлым жақсы қорғалады дегенді білдіреді. 

Меншік құқығын қорғау рейтингінде еліміз 75-орында тұр Фото: inbusiness.kz

Осы жылдың 10 айында бұл салада 107 мың қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Бұл былтырғыға қарағанда 5%-ға артық, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Республика бойынша алып қарайтын болсақ, құқық бұзушылықтардың басым бөлігі Алматы қаласында тіркелді (26,6 мың жағдай). Антилидерлер үштігінде Астана қаласы (12,9 мың құқық бұзушылық) мен Алматы облысы (8,4 мың құқық бұзушылық) бар.

Жаңадан құрылған үш облыста құқық бұзушылықтың ең аз саны тіркелді.

Мүлікке қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтардың жартысына жуығы ұрлық (51,9 мың жағдай) болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда  6,7%-ға артық.

Бұдан бөлек алаяқтықтың 37,3 мың жағдайы (+7,1%) тіркелді, ұсақ ұрлық – 10,2 мың жағдай, тонау – 2,1 мың жағдай, мал ұрлығы – 1,5 мың жағдай.

ТМД елдерінің ішінде елімізді Әзербайжан (60-орын) мен Армения (63-орын) басып озды. Ал, Ресей (85-орын), Молдова (95-орын) және Украина (105-орын) елдеріндегі көрсеткіштер айтарлықтай төмен.

Аталмыш рейтингте Финляндия, Сингапур және Швейцария көш бастады. Бұл елдерде меншік құқығы жақсы қорғалған. Ең соңғы орында Венесуэла орналасты.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу