Mercedes-Benz Automotive Sales Co. Қытай нарығынан 12 мың көлікті қайтарып алды

1050

Себебі "люкс" санатындағы автокөліктерден әртүрлі ақаулар анықталған. 

Mercedes-Benz Automotive Sales Co. Қытай нарығынан 12 мың көлікті қайтарып алды

Mercedes-Benz (Қытай) Automotive Sales Co. ықтимал қауіпсіздік мәселелеріне байланысты Қытай нарығынан 12 мыңға жуық автокөлікті кері қайтарып алды, деп хабарлайды inbusiness.kz Қытай Халық Республикасының Нарықты реттеу жөніндегі мемлекеттік басқармасына сілтеме жасап. 

Науқанға биылғы жылдың 9 маусымы мен 6 шілдесі аралығында шығарылып, республикаға әкелінген 755 автокөлік, 2020 жылдың 7 қазаны мен 11 ақпаны аралығында шығарылған 118 автокөлік, сондай-ақ өткен жылдың 3 тамызынан 2021 жылдың 15 наурызына дейін шығарылған 11 124 мың автокөлік қатысады. 

Бұл "люкс" санатындағы автокөліктердің үш партиясында да әртүрлі ақаулар бар. Мәселен, жанармай сорғысының істен шығуы. Олардың кейбіреулерінде беріліс қорабының қозғалмалы бөліктерінің ақаулары бар, бұл өртке және қауіпсіздік жастықшасының басқару блогының істен шығуына әкелуі мүмкін.

Автокөліктерді өндіруші ақауларды тегін жөндейді, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу