Mercedes-Benz сатылымы III тоқсанда 30,5%-ға төмендеді

861

Еуропада бұл көрсеткіш 38,2%-ға азайды.

Mercedes-Benz сатылымы III тоқсанда 30,5%-ға төмендеді

Mercedes-Benz сатылымы үшінші тоқсанда жартылай өткізгіш компоненттердің тапшылығы салдарынан өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 30,5%-ға төмендеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz Интерфакс-Қазақстан-ға сілтеме жасап.

Шілде және қыркүйек айлары аралығында "люкс" санатындағы 434 784 көлік сатты. Сатылым әлемнің барлық аймақтарында айтарлықтай қысқарды. Еуропада көрсеткіш 38,2%-ға азайды, 144,564 мың автомобиль сатылған. Азия-Тынық мұхиты өңірінде көрсеткіш 26,8%-ға төмендеді (210,99 мың көлік). Солтүстік Америкада 19,6%-ға азайды (65,781 көлік).

"Жартылай өткізгіш компоненттерді жеткізуге қатысты жағдай құбылмалы болып тұр. Тапшылық алдағы тоқсандарда өндіріс пен сатылымға кері әсерін тигізеді", – деп жазылған хабарламада.

Жалпы қаңтар және қыркүйек айлары аралығында компания 1,6 млн автокөлік сатты. Бұл былтырғы көрсеткіштен 3%-ға артық.

Табиғат Нұрболат

Фото: aussiedlerbote.de

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу