Мердігер бюджеттің 43 млн теңгесін жымқырған

513

Атырау облысындағы мердігер компаниялардың бірі бюджеттің 43 млн теңгесін жымқырған. 

Мердігер бюджеттің 43 млн теңгесін жымқырған Фото: Atameken Business

Аққала ауылына су құбырын жүргізбек болған олар қаржыны алып, құжаттарды рәсімдеген соң, жұмысты аяқсыз қалдырған. Яғни белгіленген аумақта жобада көрсетілген бетоннан жасалған аялдамалар, полиэтилен құбырлары мен өзге құрылғылар атымен жоқ болып шықты.

Заң бұзушылықты антикор өкілдері анықтады. Кейін "Байсын-А" серіктестігі құрылысты өз қаржыларына аяқтауға міндеттелген. Аталған компания жауапты бөліммен 1 млрд теңгеге келісімшартқа отырған. Енді міндеттілер жобаны өз уақытында тапсыруы тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу