Түрлі олқылық жоспардан тыс тексеріс кезінде анықталған. Жалпы аймақта мердігерлердің мардымсыз ісіне қатысты сын шамадан тыс көбейген. Мұны бас қалаға барып, брифинг берген облыс әкімі де бүгін мойындады.
Тексеріс үшін штат саны көбейген. Мәселен құрылысты бақылау басқармасы 4 айда 47 нысанға тосыннан барып, тексеріс жүргізген. Артынан 79 әкімшілік іс қозғапты. Одан өзге тиісті тараптарға 28 нұсқама жіберілген.
Кеткен кемшілік былтырға қарағанда 2 есеге көп. Бұған тұрғындардан түскен арыз-шағымның артуы себеп. Ал қос ауданнан тапсырыс алған 1 компанияға шала-жансар тірлігі үшін 1,5 млн теңге айыппұл салынған. Тіпті сот шешімі арқылы мердігер лицензиясынан айырылып отыр.