"Мерейлі отбасы – 2025" ұлттық конкурсына құжаттар қабылдау басталды

134

Елімізде адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсының қалалық, аудандық кезеңіне құжаттар қабылдау басталды.    

"Мерейлі отбасы – 2025" ұлттық конкурсына құжаттар қабылдау басталды Фото: canva

Байқау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы №181 қаулысымен бекітілген "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсын өткізу қағидаларына сәйкес өткізіледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Конкурсты өткізудің мақсаты:

  1. Отбасы институтын, адамгершілікті, руханиятты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңыздылығын мойындау;
  2. Балаларды тәрбиелеуде ата-аналардың жауапкершілігін арттыру;
  3. Отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балалардың еңбекке жарамсыз және қарт ата-аналарға қамқорлығын көрсету және кеңінен насихаттау;
  4. Қазақстандық отбасының оң имиджін насихаттау.

Қатысу үшін өтінім мен құжаттар 2025 жылдың 15 мамырдан 15 маусымға дейінгі аралықта әр аймақта қалалық және аудандық әкімдіктердің ішкі саясат бөлімдерінде қабылданады.

Құжаттарды қағаз немесе электрондық нұсқада тапсыруға болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу