ҚР Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 өкіміне сәйкес Қазақстанда жыл сайын "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсы өткізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz Астана қаласы әкімдігіне сілтеме жасап.
Конкурстың негізгі мақсаты – отбасы институты, адамгершілікті, руханиятты нығайту, отбасылық өмірдің маңызын насихаттау, ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балалардың егде жастағы ата-аналарына қамқорлығын дәріптеу және кеңінен насихаттау.
Конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді қажетті құжаттармен қоса (pdf форматында) mereyli.otbasy2023@mail.ru элекронды поштаға жіберу қажет.
Конкурсқа қатысу бойынша толық ақпаратты мына телефондар арқылы білуге болады: 8 7172 55 67 08, 8 7172 55 67 01.