"Мерейлі отбасы" референдумда өз таңдауын жасады

144

Қарасай ауданының жұртшылығы бұл саяси науқанға айрықша қолдау танытуда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Мерейлі отбасы" референдумда өз таңдауын жасады Фото: alatauaraiy.kz

15 наурыз – барша қазақстандықтар үшін ерекше есте қалатын күн. Себебі бүгін халық болып жаңа Ата Заңымызды қабылдап, қоғамның қалыптасуы мен дамуына ықпал ететін басты құжатымызды заңдастыратын боламыз.

Сайлау учаскесіне ертемен келіп, өз таңдауларын білдіріп жатқандардың қатарында "Мерейлі отбасы –2025" байқауының жеңімпазы – Бекдайыр әулеті де бар. Республика бойынша жыл сайын өткізіліп келе жатқан байқауға облыс атынан қатысып, әр аймақтан іріктеліп келген 20 үміткердің ішінен оза шыққан бұл отбасы қандайда болсын құрметке лайық.

Ұлтымыздың көне заманнан бері жалғасып келе жатқан қолөнерінің қыр-сырын бірнеше буыннан бері үзбей дамытып, ата-бабамыздан қалған құдылықтарымызды келер ұрпаққа жеткізген бұл отбасы – өнердің, еңбектің және берекенің жарқын үлгісі десе жарасады.

Әулет басшысы Қоңыр Бекдайыр күміс әшекей жасау ісімен танылса, жұбайы Анаргүл ұлттық киім тігу өнерінде шеберлігімен ерекшеленеді.

Балалары да ата жолын жалғап, шығармашылық бағытты таңдаған. Осылайша, ұрпақ сабақтастығын, көне мен жаңаны ұштастыра білген олар еліміздегі саяси науқандарға да белсене қатысып келеді.

– Ата Заң – қоғамның дамуына, елімізде заңдылық пен тәртіптің үстемдік құруына, жалпыадамзаттық құндылықтардың бағалануына жол ашатын негізгі құжат. Сондықтан біз елін қадірлейтін азамат ретінде мұндай шаралардан тысқары қала алмаймыз. Міне, сондықтан отбасы мүшелері түгелдей сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауымызды білдірдік, – дейді Қоңыр Бекдайыр журналистарге берген сұхбатында.

Бұл күні Қарасай ауданының тұрғындары аса белсенділік танытқанын айта кету керек. Жаңа Конституцияны қабылдауға арналған референдумға ағылған жұртшылықтың қатары осыны аңғартады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу