Мереке қарсаңында 225 әйел прокурор шенді болды

567

Бүгін Бас прокуратурада Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты шара өтті.   

Мереке қарсаңында 225 әйел прокурор шенді болды Фото: gov.kz

Таңнан бастап прокуратураның ер қызметкерлері қадағалау органының нәзік жандарын құттықтап, олардың әрқайсысын ғимаратқа кіре берістен гүл шоқтарымен қарсы алды.

Сондай-ақ, олар үшін арнайы ұйымдастырылған шарада Бас Прокурор Берік Асылов сөз сөйлеп, прокуратураның өміріндегі әйелдердің ерекше рөлін атап өтіп, адал еңбегі мен жоғары кәсібилігі үшін алғысын білдірді. Бас Прокурор осы тамаша мерекеде аналарымызды, әйелдерімізді, қыздарымызды, апаларымызды қуантуға асығатынымызды атап өтті.

Олар барлық әдемілік және нәзіктілікті бейнелейді және ер адамдарды жаңа биіктерге жетуге шабыттандырады.

Берік Асылов прокуратура қатарындағы әйелдерге жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен орындап, заңдылықты нығайтуға үлкен үлес қосып жатқанын баса айтты.

Мереке құрметіне 225 әйел прокурорлар ведомстволық наградалармен және сыныптық шендермен марапатталды.

Ресми бөлімнен кейін мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу