8 наурыз – халықаралық әйелдер күніне орай "Алтын алқа" және "Күміс алқа" иегерлеріне 18 460 теңгеден төленеді.
"2019 жылдан бері қала мәслихатының шешімі негізінде жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тарапынан "Алтын алқа", "Күміс алқа" белгілері иегерлеріне жыл сайын бір реттік әлеуметтік төлем төленеді" - делінген Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.
Қазір таңда Шымкентте 64 134 көпбалалы ана бар, оның ішінде 12 608-і "Алтын алқа", "Күміс алқа" иегерлері.
Жергілікті бюджеттен бір реттік төлем аталған санаттағы аналарға 5 АЕК мөлшерінде, яғни 18 460 теңгеден төленеді.