Мереке қарсаңында тұрғын үй салуға жер телімдері берілді

866

Жамбыл облысының Жамбыл ауданында 365 адам баспана салуға жер телімін алды.

Мереке қарсаңында тұрғын үй салуға жер телімдері берілді

Аудан әкімі Сәкен Арубаев пен аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Рүстем Бегалиев арнайы барып, кезекте тұрған азаматтарға жер комиссиясының оң қорытындысы жарияланған құжаттарды табыстады. Олардың алды 2007 жылдан бастап жер кезегіне тіркелген, деп хабарлайды inbusiness.kz Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Бектөбе ауылында 143 азаматқа, Қызылқайнар ауылында 222 тұрғынға баспана салуға жер телімі үлестірілді.

Жалпы ауданда 11 мыңнан астам тұрғын жер кезегінде тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу