Мереке Құлкенов Жазушылар одағының басқарма төрағасы болып сайланды

1020

Бүгін Алматыда Жазушылар одағының XVI құрылтайы өтті.

Мереке Құлкенов Жазушылар одағының басқарма төрағасы болып сайланды Фото: kazislam.kz

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мереке Құлкенов Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бұл туралы мәжіліс депутаты, ақын, журналист Жанарбек Әшімжан хабарлады.

Төрағаорынбасарлары қызметіне Нұржан Қуантай, Бауыржан Жақып, Қасымхан Бегманов, Ғалым Қалибек, Бейбіт Сарыбай тағайындалды.

Мереке Құлкенов 1951 жылы 8 қарашада Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қарабау ауылында туған. Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Алматы қалалық мәслихатының депутаты. Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты, "Құрмет" ордені, "Алтын жұлдыз" ұлттық журналистік сыйлығының иегері. 

С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) журналистика факультетін бітірген.

Бірнеше кітаптың авторы. Әртүрлі жылдары "Жалын" республикалық қоғамдық-әдеби журналының, "Ана тілі" республикалық газетінің, "Таң-Шолпан" әдеби-көркем, көпшілік журналының бас редакторы, "Өлке" баспасының бас директоры болып қызмет еткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу