Мереке күндері 4 бағыт бойынша қосымша пойыздар жолға шығады

1430

Пойыз кестесіне қатысты сұрақтар бойынша "105" нөміріне хабарласуға болады. 

Мереке күндері 4 бағыт бойынша қосымша пойыздар жолға шығады

Желтоқсандағы мереке күндері (Тұңғыш Президент күні, ҚР Тәуелсіздік Күні, Жаңа Жыл) 4 бағыт бойынша қосымша пойыздар жолға шығады, деп хабарлады "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.

1. Алматы-2 ден 28 қараша күні, желтоқсан айының 2, 5, 9, 12, 16, 19, 23, 26, 30 жұлдызы және 2020 жылдың 2, 6 қаңтар күндері "Алматы-2 – Шымкент" бағыты бойынша 12 рейс шықса, сәйкесінше Шымкент қаласынан 29 қараша, 3, 6, 10, 13, 17, 20, 24, 27, 31 желтоқсан және 3, 7 қаңтар күндері кері бағытта шығады.

2. "Алматы-2 – Түркістан" бағыты бойынша 4 рейс Алматы-2 -ден 28 қараша және 5, 17, 24 желтоқсан күндері, ал Түркістаннан сәйкесінше 29 қараша және 6, 18, 25 желтоқсан күндері кері бағытта жүреді.

3. "Маңғыстау – Бейнеу" бағыты бойынша Маңғыстаудан күнара 2019 жылдың 28 қарашасынан бастап 2020жылдың 6 қаңтарына дейін жұп күндері, ал Бейнеуден 2019ж. 29 қарашасынан бастап 2020 жылдың 7 қаңтарына дейін тақ күндері жүреді. "Нұр-Сұлтан – Шу" бағыты бойынша "Тұлпар-Тальго" вагондарымен жасақталған 2 рейс 2019 жылдың 31 желтоқсаны мен 2020 жылдың 2 қаңтарында жүреді.

4. Сондай-ақ, №712/711 "Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол – Шымкент" коммерциялық пойызы биылғы жылдың 8 желтоқсанынан бастап күн сайын қатынайтын болады.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу