Мереке күндері Алматыда 30 ұрлық тіркелді

511

Алматы қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, өткен мереке күндерінде криминогендік жағдай тұрақты болды.  

Мереке күндері Алматыда 30 ұрлық тіркелді Фото: inform.kz

2022 жылдың 25 желтоқсанынан бастап қалада "Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді, деп жазады inbusiness.kz.

Патрульдік полиция жасақтары күшейтілді, жаяу патрульдік бағыттар әзірленді. Адамдар көп жиналатын нысандарда, сондай-ақ мерекелік және ойын-сауық шараларын өткізуге арналған орындарға ерекше назар аударылды.

"Қабылданған шаралардың нәтижесінде ауыр және аса ауыр қылмыстардың алдын алуға мүмкіндік туды. Негізінен бөтеннің мүлкін ұрлау басым болды. 31 желтоқсан мен 3 қаңтар аралығында қалада 30 бөтеннің мүлкін ұрлау дерегі тіркеліп, оның 24-і "ізін суытпай" және жедел тергеу барысында ашылды. Сонымен қатар, бұл күндері қалада 2 бұзақылық, 1 тонау орын алды. Күдіктілер қылмыс орнында ұсталды. Сондай-ақ, 2 есірткі қылмысы анықталды", - делінген департамент таратқан ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу