Мереке күндері Астана LRT-ның орталық кассасы жұмыс істемейді

877

22, 23, 24 және 25 наурызда орталық касса жабық болады.

Мереке күндері Астана LRT-ның орталық кассасы жұмыс істемейді

Орталық кассаның мереке күндері жұмыс кестесінің өзгергені туралы компания басшылығы әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

"Сіздерге ыңғайлы болу үшін, сондай-ақ сіздердің өтініштеріңіз бойынша, Қошқарбаев к-сі 50/1-де орналасқан орталық кассаның мереке күндері жұмыс кестесі өзгереді. 21-наурыз орталық касса 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді. 22, 23, 24 және 25 наурызда орталық касса жұмыс істемейді",  – делінген "Астана LRT" компаниясының баспасөз хабарламасында.

Қалған мамандандырылған кассалар әдеттегі кестесіне сәйкес жұмыс істейді.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу