Мереке күндері халыққа қызмет көрсету орталықтары қалай жұмыс істейді

237

Қазақстанда 6-7 шілде күні елорда күніне байланысты ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мереке күндері халыққа қызмет көрсету орталықтары қалай жұмыс істейді Фото: inbusiness.kz

Бұл ретте, сенбі, 5 шілде күні кезекші ХҚКО-лар мен МХҚКО-лар үшін жұмыс күні. Бұл күндері халыққа қызмет көрсету орталықтары 9:00-ден 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді, мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштерді қабылдау 12:00-ге дейін жүзеге асады, ал дайын құжаттарды 13:00-ге дейін алып кетуге болады.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысының халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс күні бір сағат бұрын басталып, бір сағат бұрын аяқталады.

8 шілдеден бастап барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары әдеттегі кестеге сай қызмет көрсетеді.

Кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың тізімін Мемлекеттік корпорацияның ресми Instagram парақшасынан немесе 1414 нөмірі арқылы білуге болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу