Мереке күндері қазақ-қытай шекарасында бекеттер жабылады

625

Мемлекеттік кірістер комитеті мереке күндеріндегі өткізу бекеттерінің жұмысына қатысты ескерту жариялады, деп жазады inbusiness.kz комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Мереке күндері қазақ-қытай шекарасында бекеттер жабылады Фото: aikyn.kz

"Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты 2022 жылғы 16-17 желтоқсанда қазақстан-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайтындығын хабарлайды", - делінген ақпаратта. 

Ақпаратқа сәйкес, Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

"Тасымалдаушылардан және барлық шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу