Мереке күндері жол-көлік оқиғасы жиілеген

886

Павлодар облысында жаңа жыл мерекесі кезінде жедел жәрдемге қоңырау шалу саны бір жарым есе өсті.

Мереке күндері жол-көлік оқиғасы жиілеген

Күніне орташа есеппен 600 қоңырау түсетін өңірлік 103 қызметіне демалыс күндері күніне 900 қоңырау келіп түскен, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, өткен жаңа жылдық демалыс күндері суық тиюге байланысты шағым айтарлықтай өскен. Қоңырау шалғандардың әр екіншісі дене тқызуының көтерілуіне және жалпы әлсіздікке шағымданған.

"Дәстүрлі "жаңа жылдық қоңырауларға" келетін болсақ, 29 желтоқсан мен 4 қаңтар аралығында қоңыраулар өткен жылмен салыстырғанда аз болды. Облыстық жедел жәрдем станциясы желісінде пиротехниканы қолдануға байланысты бірде-бір апат тіркелген жоқ. Бір рет жедел жәрдем қызметкерлері Екібастұздағы өрт орнына аттанды. Көмірқышқыл газымен уланған 36 жастағы әйел ауруханаға жеткізілді",– делінген хабарламада.

Егер бір жыл бұрын медициналық топтар үсік шалуға байланысты 7 оқиғаға барған болса, бұл жолы мұндай себеппен тек екі рет шақыруға барған. Ер адамдардың екеуі де алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ауруханаға жатқызылған.

"Осы мереке күндері жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендер саны едәуір артты. Бір аптаның ішінде бірден 39 адам, оның ішінде төрт бала апатқа ұшырады. Зардап шеккендердің сегізі ауруханаларға жеткізілді, 22 адам жедел жәрдем бөлімшелерінде көмек алды, тоғыз адам ауруханаға жатудан бас тартты", – делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, былтыр жаңа жыл мерекесі күндері 28 адам жол апатынан зардап шеккен. Олардың ішінде тоғызы – бала.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу