Мереке күні елордада 22 сәби дүниеге келді

1682

Нәрестелі болған аналарға сәбидің туу туралы куәлігі мен сыйлықтар табыс етілді.

Мереке күні елордада 22 сәби дүниеге келді

Елорда перзентханаларында 30 қарашадан 1 желтоқсанға қараған түні 22 нәресте дүниеге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айтулы мереке күні дүние есігін ашқан сәбилердің аналарын қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен құттықтады.

"Осындай ерекше күні дүниеге келген нәрестелердің бауы берік болсын! Ел азаматтары болып өссін. Тұңғыш Президент күні өздеріңізді арнайы құттықтай келдік. Жыл санап дүние есігін ашқан сәбилердің саны арта берсін", – деді Бақтия Мәкен.

Нәрестелі болған аналарға сәбидің туу туралы куәлігі мен сыйлықтар табыс етілді.

"Түнгі сағат 00:00-ден осы уақытқа дейін біздің орталықта 10 сәби дүниеге келді. Оның 5-уі ер бала, 5-уі қыз бала. Барлық босану сәтті өтті, сәбилерде, аналары да өздерін жақсы сезінуде", – деді қалалық №2 көпбейінді аурухананың директоры директоры Иван Ли.

Айта кетерлігі, қалада дүниеге келген 22 баланың 11-і қыз бала, 11-і ұл бала.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу