Мереке Пішембаев ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды

551

Мереке Пішембаев 1962 жылы Павлодар облысында дүниеге келген.  

Мереке Пішембаев ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Мереке Құдайбергенұлы Пішембаев ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі.

Мереке Пішембаев Өскемен жол-құрылыс институтын, Қазақ мемлекеттік басқару академиясы жанындағы Нарық институтын, РФ Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясын тәмамдаған. Мамандығы – инженер-құрылысшы, экономист, менеджер.

Еңбек жолын 1985 жылы Павлодар облыстық автомобиль жолдары басқармасының Май аудандық автомобиль жолында аға жол шебері, бас инженер болып бастаған. 1986 жылдан бастап 1996 жылға дейін квазимемлекеттік секторда түрлі лауазымдарды атқарған.

1997 жылғы қыркүйектен 2000 жылдың ақпанына дейін ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінде басшылық лауазымдарында еңбек еткен.

2000-2002 жылдары Солтүстік Қазақстан мемлекеттік автомобиль жолдары мекемесінің директоры, Солтүстік Қазақстан облыстық автомобиль жолдары басқармасының басшысы болған.

2002-2013 жылдары ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетінің "Қазақавтожол" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры болса, ал 2013 жылдан бастап 2014 жылға дейін ҚР көлік және коммуникациялар вице-министрі болып қызмет еткен. 

2014 жылғы тамыздан бастап 2019 жылғы наурызға дейін ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы лауазымында еңбек етті.

2019 жылғы наурыздан бастап қазіргі таңға дейін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жауапты хатшысы қызметін атқарды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу