Мерекелік демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды

210

11 наурыздан бастап ауа температурасының төмендеуі елдің орталығы мен шығысында да күтіледі.

Мерекелік демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды Фото: canva.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің мәліметінше, мерекелік демалыс күндері қарсаңында Қазақстан аумағында наурыз айына тән құбылмалы ауа райы күтіледі, деп хаабрлайды inbusiness.kz сайты.

Циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінен еліміздің көптеген өңірлерінде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын болады.

"Солтүстік пен солтүстік-батыста кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), ал еліміздің оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, көктайғақ, тұман болжанады, солтүстік өңірлерде жаяу бұрқасын, ал оңтүстікте найзағай болуы мүмкін.

Соңғы күндері байқалған ауа температурасының едәуір жоғарылауынан кейін, болжамды кезеңнің соңына қарай еліміздің батысы мен солтүстік-батысына қайтадан арктикалық суық ауа массалары таралады. Соның әсерінен түнгі уақытта батыста ауа температурасы 5-15 градус аязға дейін, ал солтүстік-батыс пен шеткі солтүстікте 15-25 градус аязға дейін төмендейді. Ал еліміздің оңтүстігі мен шығысында, керісінше, ауа температурасы одан әрі жоғарылап, көктемнің жылы лебі сезіледі", – делінген "Қазгидромет" болжамында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу