Нысана көздеуден Катар астанасы Дохада өтіп жатқан лицензиялық Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы тағы бір алтын еншіледі деп жазады Olympic.kz.
Жасөспірімдер арасында сынға түскен Никита Чирюкин құрлық үздігі атанды. Ол 25 метрге тапанша көздеуден Азияның алтынын иеленді. Күмісті Оңтүстік Корея өкілі Гунхек Ли алса, қоланы үндістандық Харш Шупта жеңіп алған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу