Меркель алғаш рет Украинадағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

640

Ол Германия, ЕО, АҚШ федералды үкіметі, G7 елдері, НАТО мен БҰҰ-ның әскери қақтығысты тоқтатуға бағытталған әрекетін қолдайтынын айтты.

Меркель алғаш рет Украинадағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

Германияның бұрынғы канцлері Ангела Меркель Украинаны қолдайтынын білдіріп, елде болып жатқан жағдайға "ірі бетбұрыс кезеңі" деген баға берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бұл Германия үкіметінің бұрынғы басшысының Ресейдің Украинадағы әрекетіне қатысты жасаған алғашқы мәлімдемесі. Бұған дейін Меркельдің атынан оның өкілдері экс-канцлердің ұстанымын жариялап келген еді. 

"Мен Ресей шабуылына ұшыраған Украинаны және бұл елдің өзін-өзі қорғау құқығын қолдаймын", – деді Меркель.

Сонымен қатар Германия, ЕО, АҚШ федералды үкіметі,G7 елдері, НАТО мен БҰҰ-ның әскери қақтығысты тоқтатуға бағытталған әрекетіне оң бағасын берді.

Меркель Ресей Федерациясының Украинадағы әрекеті "Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін, Еуропа тарихындағы халықаралық құқықтың тым өрескел бұзылуы" деп айтты.

Табиғат Нұрболат

Фото: gettyimages.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу