Меркель экономикалық және әскери салаларда АҚШ-пен ымыра табуды қалайды

991

Меркель экономикалық және әскери салаларда АҚШ-пен ымыра табуды қалайды

Германияның канцлері Ангела Меркель жаңа президент Дональ Трамптың кезінде Германия мен АҚШ қарым-қатынасын жақсарту үшін қандай жоспар құрып отырғанын айтып берді, деп жазады "КоммерсантЪ".

"Егер біз халықаралық экономика, халықаралық сауда мәселесінде ортақ ереже, ортақ құндылықтар мен өзара іс-қимыл негізінде ынтымақтасатын болсақ, сондай-ақ әскери альянсқа өз үлесімізді қосатын болсақ, ол бәрімізге пайда әкелетініне бек сенімдімін", – деп келтіреді Меркель ханымның сөзін Reuters.

Мұның алдында Дональд Трамп Ангела Меркельдің миграциялық саясатын сынға алған еді. АҚШ президенті  оның елге  1 млн мигрантты кіргізіп, үлкен қателік жасағанын айтқан еді.

Естеріңізге сала кетейік, еуропа көшбасшылары Дональд Трамптың НАТО-ны ескірген ұйым деп атап, Ұлыбританияның Еуроодақтан шығуын қолдайтындығы туралы мәлімдемесіне қарсылық білдірген болатын.  Трамп мырзаның  одақтастармен ымыраласуға ниетінің жоқтығы, оларды Еуроодақ пен НАТО-ны бірлесе жұмыс істеуінің жаңа жолдарын іздестіруге мәжбүр етіп отыр.  Еуроодақтың мүшелері  болашақта Мәскеу мен Вашингтон "тіл табысып" кетеді деп қауіптеніп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу