Меркель Германия президенттігіне Штайнмайердің кандидатурасын ресми түрде ұсынды

1120

Меркель Германия президенттігіне Штайнмайердің кандидатурасын ресми түрде ұсынды

ФРГ канцлері Ангела Меркель сәрсенбі күні Христиан-демократиялық одақ, Христиан-социалдық одақ және Социал-демократиялық партиядан тұратын басқарушы коалиция атынан ФРГ президенттігіне Германияның СІМ басшысы Франк-Вальтер Штайнмайердің кандидатурасын ресми түрде ұсынды, деп хабарлайды "Интерфакс".

 "(Ф.-В.Штайнмайер - ИФ) – қазіргі сәттегі дұрыс кандидат", – деп келтіреді ФРГ канцлерінің сөзін германиялық "Цайт" газетінің интернет-порталы. Штайнмайердің кандидатурасы ресми салтанатта ұсынылды. Бұл шараға Ангела Меркельден өзге ФРГ вице-канцлері, Социал-демократиялық партиясының жетекшісі Зигмар Габриэль және Христиан-социалдық одағының жетекшісі және Баварияның премьер-министрі Хорст Зеехофер қатысты

Бұған дейін айтылғандай, басқарушы коалиция президент тағына үміткерге қатысты ұзақ уақыт бойы бір мәмілеге келе алмаған болатын. Германияның келесі президентін сайлау 2017 жылдың ақпанына белгіленген. Ол ел тізгінін ұстап отырған Йоахим Гаукты алмастыратын болады.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу