Меркель Кёльн полицейлеріне қолдау білдірді

915

Меркель Кёльн полицейлеріне қолдау білдірді

Германия канцлері Ангела Меркель Кёльндегі полицейлердің жаңа жылдағы әрекетін қолдайтындығын айтты. Үкімет басшысы оқиғаға қатысты пікірін арнайы конференция кезінде жеткізді, деп хабарлайды 24Хабар.

Мәселен жаңа жыл түні Кёльн тәртіп сақшылары шаһар көшелерінде серуендеп жүрген 1700 адамды ұстап, құжаттарын тексерген. Ұсталғандардың дені солтүстікафрикалықтар. Сондықтан оппозиция полицейлер нәсілшілдікке барды деп айыптап отыр. Ал полиция жаңа жыл алдында Солтүстік Рейн-Вестфалия жеріне 2 мыңға жуық босқын келгенін және өткен жаңа жылы орын алған жаппай тонау мен әйелдерге шабуыл қайталанады ма деп қауіптенгенін жасырмады.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу