Меркель Навальныйдың денсаулығына алаңдайтынын білдірді

516

Оппозиционер қазір сотталғандарға арналған ауруханада жатыр. 

Меркель Навальныйдың денсаулығына алаңдайтынын білдірді Фото: reuters.com

Германия канцлері ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйдың денсаулығына алаңдайтынын білдірді, деп хабарлайды Inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

"Германия үкіметі Навальныйға тиісті медициналық көмек көрсетілуін талап етеді", – деді Меркель. 

Меркель сонымен бірге Ресей әскерінің Украина шекарасында шоғырлануы төтенше жағдай туғызғанын және осы орайда тараптар диалог жүргізу керектігін айтты. 

Бұған дейін Ресейдің федералды қызметінің аймақтық басқармасы оппозиционер Алексей Навальныйды сотталғандарға арналған облыстық ауруханаға ауыстырғанын мәлім еткен еді.Ведомство өкілдері қазіргі уақытта саясаткердің денсаулығы қанағаттанарлық, оны күн сайын терапевтер тексеріп жатқанын мәлім етті. 

Ақпан айында Навальный шартты түрде мерзімінен бұрын босату шарттарын бұзды деген айыппен 2,5 жылға түрмеге қамалған еді. Ол қаңтар айында Германиядан келген бойда қамауға алынды. Германияда оппозиционер химиялық затпен уланғаннан кейін оңалту курсынан өткен болатын.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу